16.04.2008, 18:34 3177

Елдің халықаралық резервтері сәуірдің бірінші жартысында 1,7% өсті

Елдің халықаралық резервтері сәуірдің бірінші жартысында 1,7% өсті

Алматы. 16-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері сәуіродің бірінші жартысында тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 23 345,9 млн. доллар) қоса алғанда 43 128,7 млн. доллар болып, өткен айға қарағанда 1,7% өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы сәуірдің бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ағымдағы бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2,7% (немесе 517,7 млн. долларға ) өсті.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Ұлттық банктегі үкіметтің шоттарына валютаның түсуі үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуімен бейтараптандырылды.

Нәтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 559,9 млн. долларға ұлғайды, алтын түріндегі активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 2,1% төмендеуі нәтижесінде 42,2 млн. долларға төмендеді.

Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің 2008 жылғы сәуірдің бірінші жартысында төмендеуі ақша базасының 5,1% (немесе 80,3 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны