05.08.2008, 18:01 3456

Елдің халықаралық резервтері шілдеде 0,4% ұлғайды

Елдің халықаралық резервтері шілдеде 0,4% ұлғайды

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері шілдеде 0,4% ұлғайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 25 965,6 млн. долл.) 46 998,7 млн. долларға дейін 0,4% ұлғайды.

2008 жылғы шілдеде Ұлттық банктің халықаралық резервтері төмендеді.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 0,5%-ға (немесе 110,0 млн долларға ) төмендеді.

Ішкі валюта нарығында валюта сату бойынша операциялар, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуі, үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуімен бейтараптандырылды.

Нәтижесінде, таза валюта қорлары (СКВ) 191,0 млн. долларға азайды, жүргізілген операциялар және әлемдік нарықтардағы бағасының 2,2% төмендеуі нәтижесінде алтындағы активтер 81,0 млн долларға өсті.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі 2008 жылғы шілдеде ақша базасының 4,7%-ға (немесе 83,1 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны