03.10.2006, 16:51 2972

Елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда қыркүйекте 2,1 процентке өсті

АЛМАТЫ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда (ағымдағы бағамен) Ұлттық Қордың ақшасын (алдын-ала деректер бойынша 11 513,7 млн. долл.) қоса алғанда 24 986,0 млн. долларға жетіп, өткен айда 2,1 % өсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2006 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің ағымдағы бағасы 0,5%-ға (немесе 69,8 млн. долл.) төмендеді. Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық қордың активтерін толықтыру және ішкі валюта нарығында валюта сату бойынша операциялар жүргізу таза валюта қорларының (ЕАВ) 31,6 млн. долл. төмендеуіне әкелді. Алтындағы активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 3,2% төмендеуі нәтижесінде 38,2 млн. долл. азайды.

Тұрақты бағамен Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 0,2%, ЕАВ-дағы таза активтер - 0,3% төмендеді, алтындағы активтер өзгерген жоқ.

2006 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) шоттарындағы ұлттық валютадағы айырбасталуға жататын сома 43,3 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық Банк 2006 жылғы қазанда Қордың ақшасын бұдан әрі инвестициялау мақсатында осы соманы рұқсат етілген қаржы құралдарына айырбастауды жүзеге асырады. Айырбастау Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінен шетел валютасын немесе шетел валютасындағы қаржы құралдарын Ұлттық Банктің операциялар жүргізілетін күні белгіленген ресми бағамы бойынша сату не ішкі валюта нарығында теңгеге шетел валютасымен операциялар жүргізу кезінде қалыптасқан бағам бойынша сатып алу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Қордың шоттарына бір ай ішіндегі теңгедегі түсімдер ағымдағы айдың аяғында немесе келесі айдың басында кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлеміне сәйкес жүзеге асырылатын кепілдік берілген трансферттер түріндегі Қордың шығыстары үшін жеткілікті соманы жинақтағанға дейін айырбастауға жатпайды.

2006 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің өсуі (айналыстағы қысқа мерзімді ноталар көлемінің төмендеуі) ақша базасының 8,8%-ға (немесе 97,2 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды. Бұл ретте, аз ақша базасының кеңеюі (ҚРҰБ-дегі ЕДБ мерзімді депозиттері есепке алынбаған) 12,0% (немесе 123,4 млрд. теңге) болды.

2006 жылғы тамызда ақша массасы банк жүйесіндегі таза ішкі активтердің ұлғаюы салдарынан 5,4%-ға, 2 965,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Айналыстағы қолма-қол ақша 3,0%-ға, 555,0 млрд. теңгеге дейін төмендеді, ал банк жүйесіндегі депозиттер 7,5%-ға, 2 410,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның азаюы аясында тамызда депозиттердің өсуі ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесінің 79,7% - 81,3% дейін ұлғаюына себепші болды.

Тамызда ақша базасының тарылу аясында ақша массасы көлемінің ұлғаюы ақша мультипликаторы мәнінің 2,42-ден 2,70-ке дейін ұлғаюына себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны