22.01.2008, 17:02 3115

Электр энергетикалық саласының дамуына 2015 жылға дейін 2,7 трлн теңге инвестиция салу керек - ЭМРМ

Электр энергетикалық саласының дамуына 2015 жылға дейін 2,7 трлн теңге инвестиция салу керек - ЭМРМ

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Электр энергетикалық саласының генерациялау, электр қуатын бөлу және жеткізу секторларына 2015 жылға дейін 2,7 трлн теңге инвестиция салу керек. Бұл туралы бүгін ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің коллегиясында ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Вице-министр атап өткеніндей, премьер-министрдің тапсырмасымен электр энергетикалық саласының 2015 жылға дейін даму жоспары қабылданды. Ал министрдің бұйрығымен энергетикалық жаңа нысандардың құрылыстары, күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңартылуы тиіс нысандардың тізімі бекітілді.

"Министр белгілеген тізім бойынша, электр көздерінің 23 нысанына күрделі жөндеу жаңарту жұмыстары жасалып, жаңа 22 электр стансасының құрылысы жүргізіледі. Соның нәтижесінде 2015 жылға дейін электр қуатының көлемі сағатына 127 КВ ұлғайтылады", - деп түсіндірді Д. Тұрғанов.

"Бұл шараларды іске асыру үшін, электр қуатын бөлу, жеткізу және генерациялау секторына 2,7 трлн теңге мөлшерінде инвестиция салыну керек", деп атап өтті ол.

Вице-министр атап өткеніндей, KEGOС таралу қуат кешендерінің электр стансалары үшін қажетті инвестициялық көлемін анықтау шаралары жасалып, оның қорытындылары "ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қаралуына жіберілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны