24.01.2007, 17:24 2774

Электр энергетикасы саласын дамыту үкіметтің болашақ бағдарламасының маңызды мәселесіне айналады-премьер-министр

АСТАНА. 24 қаңтар. Kazakhstan Today. Электр энергетикасы саласын дамыту үкіметтің болашақ бағдарламасының шешуші бөлігіне айналады. Бұл жөнінде бүгін "Самұрық" мемлекеттік холдингі" АҚ-ның кеңейтілген кеңесінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Электр қуатына қатысты мәселені түбегейлі шешу қажет, себебі еліміз энергетика тапшылығына тап болатындай жағдай туа қалса, онда бізді ешкім түсінбейді, ұятқа қаламыз. Онда біздің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жоспарларымыз іске аспай қалады, оған жол бермейміз",- деді К.Мәсімов. "Электр энергетикасын дамыту үкімет бағдарламасының негізгі мәселелерінің бірі болады",-деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны