08.01.2013, 16:12 3276

Еліміз инвесторлар тартуда әлем бойынша 17 орынға көтерілді

Яғни бұл сырттағы небір алпауыт мемлекеттердің Қазақстанмен өзара ықпалдасуға деген сенімі болса керек.

Астана. 8-қаңтар. Kazakhstan Today - Еліміз инвесторлар тартуда әлем бойынша 17 орынға көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Яғни бұл сырттағы небір алпауыт мемлекеттердің Қазақстанмен өзара ықпалдасуға деген сенімі болса керек.

Себебі, олар еліміздің экономикалық тұрақталығын айқын сезінді және соған көз жеткізді. Мұнай-газ саласы, одан қала берді уран өндіруде ірі державалардың алдына шықтық. Мұның сыртында бидай өнімін экспорттаудан 6-шы орынға табан тіредік. Тек шикізаттың емес, үдемелі индустриялды инновациялық жобалар шеңберінде іске қосылған жобалар да айтарлықтай жемісін беріп, Мемлекетке алғашқы табыстарын әкеле бастады. Кешегі жобалар іс жүзінде ішкі өнімнің өсуіне негізгі фактор болды. Сондықтан, дайын өнімді сыртқа шығару көлемі қазір 22 млрд. доллардан асты. Бұған негізгі түрткі болған еліміздегі қабылданған түрлі заңдық құжаттар... Бір ғана мысал, салық кодексі шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай туғызды. Ирине, мұнда салыстырмалы тұрғыдан қарау заңдылық. Салық жеңілдетілген механизмде белгіленіп, Ресейге қарағанда 1 жарым, 2 есеге төмендетілді.

Айта кету керек, Қазақстанның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық қарқынын мойындап, британдық сарапшылар да тиісті бағаларын берді. Мемлекетіміз жалақы мен зейнетақыны жыл санап көтеруде серпінді дамыған елдердің қатарына көтеріліпті. Тек Орта Азия аумағындағы кейбір мемлекеттердің тұтас жалпы ішкі өнімін қосқанда Қазақстанда бұл көрсеткіш 2 есеге артық шығып, аймақтағы тұрақты нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалды. Отандық ғалымдарымыз да өткен жылғы ел экономикасын сараптауда. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде тиімді кәсіпорындар жұмыс істеді, соларға барынша көңіл бөлінді. Өнеркәсіпті қолдай отырып, Мемлекет қаржы кәсіпорындарын жүйелендіре түсті. Банктердің, инвестициялық, басқару, сақтандыру, және зейнетақы қорларының жұмысын бір ізді етуге талпынды. Осылайша кейбір Еуропа елдері экономикалық дағдарыстың шырмауына түскенде, біздің Мемлекет ұзақ мерзімді стратегиялық жобалар қатарын рет-ретімен келтірді. Бюджет тапшылығына жол берілмеді, Ұлттық қорымыз қазынаға тола түсті. Бұл отандық сарапшылардың пікірі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны