03.10.2006, 16:45 3261

Елімізде 2006 жылғы қыркүйектегі инфляция 0,5% болды

АЛМАТЫ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Елімізде 2006 жылғы қыркүйектегі инфляция 0,5% болды (2006 жылғы тамызда - 0,2%). Азық-түлік тауарларының бағасы 0,1% төмендеді, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,9%, ақылы қызмет көрсету 1,3% қымбаттады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасы статистика агенттігі хабарлады.
Өнеркәсіптік тауарлар нарығында өткен айда жеміс және көкөніс 4,9%, қант - 1,1% арзандады. Жұмыртқаның бағасы 3,8%, жарма және сүт өнімдері -1,8% өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында негізгі өсім бензинге - 6,0%, көмірге - 1,9%, дизель отынына - 1,7% тиесілі.
Халыққа ақылы қызмет көрсету құрылымында білім беру қызметі 8,6%, жолаушылар тасымалдау қызметі - 2,7%, тұрғын үйді жалға алу - 1,2% қымбаттады. Байланыс мекемелерінің қызметі 0,1% арзандады.
2006 жылдың басынан бері тұтыну нарығындағы бағаның өсуі 5,9% болды (2005 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында - 5,0%). Ағымдағы жылдың 9 айында азық-түлік тауарларының бағасы 4,4% (4,8%), оның ішінде қант - 20,3%, жеміс және көкөніс - 13,1% өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бензинге бағаның 22,5% өсуі нәтижесінде 5,4 (4,0%) қымбаттады. Ақылы қызмет көрсетуге арналған тарифтер 2006 жылғы қаңтар-қыркүйекте 8,9% (6,2%), оның ішінде тұрғын үйді жалдау - 16,5%, көлік қызметі - 16,1%, білім беру қызметі - 11,4%, сумен жабдықтау - 9,8%, медициналық қызмет көрсету - 9,6% артты.
2006 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық көрсетумен 8,5% болды (2005 жылғы желтоқсанда - 7,5%), азық-түлік тауарлары 7,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 7,3%, ақылы қызмет көрсету 10,7% қымбаттады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны