08.09.2006, 13:06 2626

Елімізде 2007-2009-жылдарда Жалпы ішкі өнімнің номиналдық орташа өсім қарқыны 19,2 процентті құрайды - үкіметтің болжамы

АСТАНА. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Үкіметтің болжамына сәйкес, Елімізде 2007-2009-жылдарда Жалпы ішкі өнімнің номиналдық орташа өсім қарқыны 19,2 процентті құрайды. Үкімет мұндай мәліметті бүгін "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының мәжілістегі тұсаукесерінде жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Үкіметтің болжамына сәйкес, 2007-жылы Жалпы ішкі өнім 11 879,8 млрд. теңге, немесе 21,7%; 2008-жылы 14 036,6 млрд. теңге, немесе 18,2%; 2009-жылы 16 540,4 млрд. теңге, немесе 17,8% болмақ. Мәліметке сәйкес, бюджет тапшылығы келесі жылы 133 140 млн. теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,1%; 2008-жылы 143 131 млн. теңге, немесе 1%; 2009-жылы 82 702 млн. теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 0,5% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны