06.01.2011, 12:53 4336

Елімізде 2010 жылдың желтоқсанында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 728 теңгені құрады

Елімізде 2010 жылдың желтоқсанында адам басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 728 теңгені құрап, алдыңғы аймен салыстырғанда 1,9 пайызға, 2009 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 14,6 пайызға өскендігін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Астана. 5 - қаңтар. Kazakhstan Today - Елімізде 2010 жылдың желтоқсанында адам басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 728 теңгені құрап, алдыңғы аймен салыстырғанда 1,9 пайызға, 2009 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 14,6 пайызға өскендігін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Оның құрамының 20,3 пайызы ет және балықтың үлесінде, сүт, май және жұмыртқа өнімдерін сатып алуға - 16,6 пайызы, 11,5 пайызы жеміс-жидектер мен көкөністердің үлесінде, нан және дақыл өнімдері - 8,7 пайыз, 2,9 пайызы қант, шай және дәмдеуіштердің үлесінде",- деп хабарлады агенттіктен.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымындағы азық-түлік тауарларының үлесі 8237 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызмет көрсетудің үлесі - 5491 теңгені құрап отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, желтоқсан айында 13 жасқа дейінгі балалар үшін күнкөрістің ең төменгі деңгейі - 10914 теңгені, 14 - 17 жас аралығындағы ұлдар үшін - 17 340 теңгені және қыздар үшін - 13286 теңгені, 18 жастан жоғары еңбекке жарамды тұрғындар үшін, соның ішінде ер адамдар үшін - 16 367 теңгені, әйелдер үшін - 12 993 теңгені, ал зейнеткерлер мен қарттар үшін - 12 849 теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны