25.07.2012, 14:16 2861

Елімізде 353 мың гектар дәнді дақылдар егістігі есептен шығарылады

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Қостанай. 25-шілде. Kazakhstan Today - Елімізде 353 мың гектар дәнді дақылдар егістігі есептен шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

"Қазгидромет" РМК дерек көздері бойынша Қазақстанның кейбір аймақтарында құрғақшылық жағдайы қалыптасуда. Бұл ауыл шауаршылығының дамуына кері әсер етуде. Құрғақшылық Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде - Амангелді, Жангелді, Қамысты, Наурызым, Иулиекөл, Жітіқара, Таран, Қостанай аудандарында, Ақмола облысының Жарқайың, Есіл аудандарында және Жақсы мен Атбасар аудандарының оңтүстік бөліктерінде, Қарағанды облысының оңтүстік бөліктерінде - Ұлытау, Жаңарқа, Шетпе, Ақтоғай аудандарында, Ақтөбе облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде - Ийтеке би, Хромтау, Алға, Ырғыз, Шалқар, Темір, Байғанин аудандарында кеңінен тараған", -деді министр.

Оның атап өтуінше, республика бойынша дәнді-дақылдардың 33 пайызы жақсы, 55 пайызы орташа, 12 пайызы нашар. Исіресе, Қостанай облысы құрғақшылықтан қатты зардап шегуде. Бұл өңірде дәнді дақылдар егістігінің 18 пайызы ғана тәуір. Облыстардың алдын ала берген деректері бойынша 353 мың гектар дәнді дақылдар егістігі есептен шығаруға жатады. Оның 203,1 мың гектары Ақтөбе облысына, 32,8 мың гектары Алматы облысына, 38,2 мың гектары Жамбыл облысына, 15,1 мың гектары Батыс Қазақстан облысына, 57,6 мың гектары Қарағанды облысына, 6,5 мың гектары Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. "Облыстардың болжамды балансы бойынша жаңа егіннен 12,8 млн. тонн астық жиналады", -деді А. Мамытбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны