21.09.2006, 13:30 3174

Елімізде биыл өндірістендіру бағдарламасының аясында жаңадан 290 нысан пайдалануға беріледі

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Ағымдағы жылы елімізде өндірістендіру бағдарламасының аясында жаңадан 290 нысан пайдалануға беріледі". Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдерінің салықтық (қаржылық) тексеру органдары басшыларының кезекті сегізінші үйлестіру кеңесіне қатысушылармен болған бүгінгі кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н.Назарбаевтың айтуынша, "оның ішінде ауылшаруашылығындағы өңдеу өндірістері, мұнай мен газға арнап машина жасау, мақта өңдеу, медицина және бірнеше технопарк бар".

Қазір Астанада биологиялық зерттеулер орталығы салынуда, Батыс Қазақстан облысында машина жасау саласы, ал Орталық Қазақстанда металлургия саласы дамытылуда. "Олардың бәрі ең озық жоғары технологияларды тартуға бағытталған. Бірақ ол үшін білікті мамандар керек. Елімізге осы жетіспейді",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны