29.02.2012, 17:10 4455

Елімізде мұнай өңдейтін төртінші зауыт салынуы мүмкін

"Тоқтала кететін жайт, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес аясында Президент "ҚазМұнайгаз" ұлттық компаниясын "Самұрық-Қазына" ҰИҚ арқылы қолдау туралы шешім қабылдады. Бұндағы мәселе қазақстандық тараптың Қашаған жобасын қаржыландыруға байланыты болып отыр. Бұл ретте біз Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың бір бөлігін "ҚазМұнайГаз" компаниясына кредиттеу жолымен бөлетін боламыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Астана. 29-ақпан. Kazakhstan Today - Елімізде мұнай өңдейтін төртінші зауыт салынуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

"Тоқтала кететін жайт, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес аясында Президент "ҚазМұнайгаз" ұлттық компаниясын "Самұрық-Қазына" ҰИҚ арқылы қолдау туралы шешім қабылдады. Бұндағы мәселе қазақстандық тараптың Қашаған жобасын қаржыландыруға байланыты болып отыр. Бұл ретте біз Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың бір бөлігін "ҚазМұнайГаз" компаниясына кредиттеу жолымен бөлетін боламыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Қашағанның Қазақстан үшін маңызды жоба екенін айта келе, бұл бағытта еліміздің қатысу үлесінің міндетті түрде болуы қажеттігін атап өтті. "Келешекте біз үлеске құр қатысып қана қоймаймыз. Өндірілген нақты мұнайды да иелікке алатын боламыз және бұл Қазақстан үшін қағидатты түрдегі маңызды мәселе болмақ. Сондықтан да, біз Қашаған жобасын дамыта келе, ел аумағынан мұнай өңдейтін төртінші зауытты салу мәселесін қарастыруымыз мүмкін. Яғни, біз энергетикалық сипатта нағыз тәуелсіз болуға тиіспіз. Бүгінгі күні Павлодар мұнай өңдеу зауытын ресурспен қамтуға қатысты кей бағыттағы келіссөздер барысында қиыншылықтар болып отырғаны белгілі. Сондықтан да, біз дәл осы мәселені кешенді түрде талқылап, Мемлекет басшысына баяндап отыратын боламыз. Бұл ретте депутаттық корпустан да қолдау күтеміз", - деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны