07.10.2026, 14:41 30961 / 5805

Елімізде интернет болмаған кезде дәрігерлер үшін резервтік жұмыс режимін енгізу ұсынылды

Елімізде интернет болмаған кезде дәрігерлер үшін резервтік жұмыс режимін енгізу ұсынылды
Сурет: Depositphotos
Қазақстанда техникалық ақаулар немесе интернет болмаған жағдайда медициналық ұйымдардың бірыңғай резервтік жұмыс тәртібін енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Құрылтайдың пленарлық отырысында депутат Русана Сулаймонова көтерді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бүгінде медициналық ақпараттық жүйелер (МАЖ) медицина қызметкерлерінің негізгі жұмыс құралдарының біріне айналған. Алайда деректерді қайта енгізу, ақпаратты әртүрлі бөлімдерден іздеу, кейбір операцияларды қолмен орындау және интернетке тәуелділік қосымша жүктеме туғызып, медицина қызметкерлерінің пациенттерге тікелей бөлуге болатын уақытын алады.

"Техникалық ақаулар немесе интернет болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсету қиындайды. Бұл әсіресе шалғай ауылдар мен цифрлық мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, қарттар мен смартфоны жоқ азаматтар үшін өзекті", - деді Сулаймонова.


Осыған байланысты депутат Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық ақпараттық жүйелерде пациенттің бірыңғай анамнезін автоматты түрде қалыптастыруды қарастыруды ұсынды. Оған негізгі медициналық деректер, соның ішінде созылмалы аурулар мен аллергия туралы мәліметтер енгізілуі тиіс.

Сонымен қатар, Сулаймонова техникалық ақаулар немесе интернет болмаған жағдайда медициналық ұйымдардың жұмысын жалғастыру үшін бірыңғай резервтік тәртіп пен пациентті сәйкестендірудің баламалы тәсілдерін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны