13.07.2012, 11:48 3039

Елімізде тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері 12 пайызға артты

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today - Елімізде тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері 12 пайызға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

"2012 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 14939 құрап, өткен аймен салыстырғанда 7 пайызға өсті. Ал қаңтар-маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2011 жылдың сәйкес кзеңімен салыстырғанда 12 пайызға артты", - деді ол.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшылыққа Алматы қаласы иеленіп отыр. Бұл қалада 1915 тұрғын үй сауда-саттығының мәмілесі жасалған. Одан кейінгі орындарға Шығыс Қазақстан облысы (1761) мен Қарағанды облысы (1715) жайғасқан. Ал елордада 1025 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны