03.10.2006, 16:31 3169

Елімізде жылдың аяғына дейін қаржылық тұрақтылық туралы есеп дайындалады - Ұлттық банк басшысы

АСТАНА. 3-қазан. Kazakhstan Today. Елімізде жылдың аяғына дейін қаржылық тұрақтылық туралы есеп дайындалады. Бұл туралы еліміздің Ұлттық банкінің төрағасы Инуар Сәйденов бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Биыл біз алғаш рет қаржылық тұрақтылық туралы есеп дайындамақпыз. Онда тек қаржы нарығында ғана емес, сонымен бірге, нақы секторда кездесетін тәуекелдер бағалануға тиіс",- деді И.Сәйденов. "Бұл есептің құрылымы қазір дайын", деді ол. "Біздің тәжірибемізді ескеру негізінде қазіргі кезеңде қандайбір нұсқауға дейін жете қоймайтын шығармыз. Ирине, қандайбір жалпылама тұжырым жасалады. Бірақ ең бастысы - қаржы жүйесі мен жалпы ел экономикасында болуы мүмкін тәуекелдер талданады",- деді банк басшысы.

И.Сәйденовтың хабарлауынша, осы бағыттағы жұмыстарды ойдағыдай ұйымдастыру үшін Ұлттық банктің орталық аппаратының құрылымында қаржылық тұрақтылық басқармасы құрылуда. Бұл басқарма Алматыда орналасатын болады, деп атап өткен банк басшысы ұлттық банктің іс-қызметін жетілдіру үшін оның ұйымдастыру құрылымында үйлестіру департаменті деген жаңа бөлім құрылатынын хабарлады.

Бөлім Ұлттық банктің іс-қызметін үйлестіру және оның президент әкімшілігімен, үкіметпен және басқа да мемлекеттік мекемелермен ықпалдатсығы үшін құрылады. "Бұл департамент Астанада орын тебеді. Оның қызметкерлерінің құрамы Ұлттық банктің орталық аппаратының қызметкерлерінің бір бөлігі есебінен құралады. Барлық құрылымдық өзгерістер банктің қазіргі штаты аясында жүзеге асырылады",- деді И.Сәйденов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны