25.02.2008, 14:26 2873

Еліміздегі астық ресурстарына шынайы мониторинг жүргізу қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Еліміздегі астық ресурстарына шынайы мониторинг жүргізу қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов еліміздегі астық ресурстарына шынайы мониторинг жүргізу қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздегі астық ресурстарына шынайы мониторинг жүргізу аса маңызды мәселе. Қазір еліміздегі қырмандарда 5,5 млн тоннаға жуық астық бар, соның ішінде 4,8 млн тоннасы азық-түліктік бидай. Бұл дерек ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясы мен әкімшіліктердің күшімен расталды", - деді А. Есімов.

"Алайда, ауылшаруашылығы құрылымдарындағы тауарлық астық ресурстарының көлемін айқындау қажет, ал бұнымен "Астық туралы" заңның талабына сәйкес әкімшіліктер айналысуға тиіс", - деді ол.

А.Есімовтың пайымдауынша, осындай тексеру барысында "жергілікті жерлердегі нақты ахуалды анықтау керек, бұл астық ресурстарының тепе-теңдігін айқындау мен алдағы кезеңге арнап экспорттық саясатты жобалау үшін аса маңызды".

Бұған қоса министр әкімдерді диірмен комбинаттарының жетекшілерімен бірлесіп қор құру мәселелерімен айналысуға шақырды. "Халықаралық талдаушылардың болжамдары мен бидай бағасының өсе түсуі астық нарығындағы ахуалдың бұдан әрі де шиеленісе түсетіндігін көрсетіп отырғандықтан, шикізат қорын құру қажет", - деді А. Есімов.

"Исіресе тұрақтандыру қорларындағы астықты тиімді әрі мақсатты пайдалану қажеттігіне баса назар аударып өткім келеді. Мұндай қорлар диірмен комбинаттарынұдайы астықпен қамтамасыз етуші болып табылмайтынын айқын түсіну керек. Менің бұлай деуіме кейінгі кездері диірмен комбинаттары мен әкімдерден тұрақтандыру қорынан астық бөлуді сұраған хаттардың көбеюі себеп", -деді А.Есімов.

Осыған байланысты министр елімізде нан бағасының тұрақты сақталып отырғанын, бұл ретте астықтың тұрақтандыру қорлары оңды роль атқарғанын атап өтті. "Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорларында шоғырланған 400 мың тонна астықтан 100 мың тоннасы жұмсалды", - деді А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны