16.01.2013, 14:03 3057

Еліміздегі орташа айлық атаулы жалақы 100 866 теңгені құрады

Оның айтуынша, 2012 жылғы қарашада қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 100866 теңгені құрады. Бұл 2011 жылғы қарашаға қарағанда 9,9% өсті деген сөз. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы қарашаға 104,1% құрады.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қарашада халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 51738 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2012 жылғы қарашада қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 100866 теңгені құрады. Бұл 2011 жылғы қарашаға қарағанда 9,9% өсті деген сөз. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы қарашаға 104,1% құрады.

2012 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 474,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,3 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы желтоқсанның соңына 34,6 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санынан 0,4%.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны