23.02.2009, 16:26 2971

Еліміздегі жүйе құрушы банктердің басшылығы ертең шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген ақшалай қаражаттың пайдаланылуы жайлы үкіметтің алдында есеп береді

Еліміздегі жүйе құрушы банктердің басшылығы ертең шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген ақшалай қаражаттың пайдаланылуы жайлы үкіметтің алдында есеп береді

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Альянс Банк", "БТА Банк", "Халық банкі" мен "Қазкоммерцбанк" басшылығы ертең шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген ақшалай қаражаттың пайдаланылуы жайлы үкіметтің алдында есеп береді. Бұл жөнінде Астана қаласында өткен Қазақстандық тауарлар мен қызметтер өндірушілерінің жалпы ұлттық форумы барысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өмірзақ Естайұлы, "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ-мен бірлесе отырып ертең өзіміз ақша берген барлық төрт банктің өкілдерін шақырайық, олар кімге және қашан ақша бергенін айтып берсін", - деді Кәрім Мәсімов вице-премьерге қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны