08.09.2026, 10:12 18242 / 3420

Еліміздің бес өңірінде бизнеске қолдау көрсету орталықтары өз жұмысын бастайды

Орталықтар берешекті қайта құрылымдауға, қаржыландыру алуға және мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға көмектеседі
Қазақстанның бес өңірінде кәсіпкерлер қарыздар, салықтар, қаржыландыру және өнім өткізу мәселелерін шешуге көмек алу үшін Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарына жүгіне алады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінен.

Орталықтарда берешекті қайта құрылымдауға, қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау шараларын алуға, салық берешегін реттеуге, өткізу нарықтарына қолжетімділікті қалпына келтіруге және өнімді ілгерілетуге көмектеседі. Кәсіпкерлер сондай-ақ бизнесті дамыту бойынша көмек ала алады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін жеке бағыт қарастырылған.

Жұмыстың негізгі бағыттары "Атамекен" ҰКП тізіліміндегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 2,4 мыңнан астам проблемалық өтінішін талдау нәтижесінде айқындалды. Олардың 600-ден астамы пилоттық жоба іске асырылатын бес өңірден түскен.

Кәсіпкерлердің басым бөлігі қаржыландыру және берешекті қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, салық салу, өнімді өткізу және бизнесті дамыту мәселелері бойынша жүгінген.

Орталықтардың тиімділігі ең алдымен нақты нәтижеге қарай бағаланады. Негізгі көрсеткіш ретінде кәсіпкерлердің шешімін тапқан өтініштерінің үлесі, бизнестің қаржыландыру мен өткізу нарықтарына қолжетімділігін қалпына келтіруге көрсетілген жәрдем, проблемалық кредиттер мен салық мәселелерін шешу, сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуы ескерілетін болады.

Орталықтар бизнесте жиі қайталанатын мәселелер бойынша талдау жүргізеді. Бұл жүйелі кедергілерді анықтауға және қолданыстағы қолдау шаралары мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша жаңа тетіктің тиімділігі бағаланып, оны еліміздің басқа өңірлерінде одан әрі енгізу және ауқымын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

Бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталығына пилоттық жоба іске асырылатын бес өңірдегі "Даму" қорының өңірлік филиалдары арқылы жүгінуге болады. Ақпаратты 1408 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны