19.05.2009, 16:24 3317

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Қазақстанның таяу 10 жылдағы стратегиялық міндеті

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Қазақстанның таяу 10 жылдағы стратегиялық міндеті. Бұл туралы бүгін Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеді. Осы орайда Елбасы еліміздің Ішкі жалпы өніміндегі ауыл шаруашылығының қосылған құнының көлемін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттағы жалпы көлемін ұлғайту қажеттігін атап көрсетті. "Бұл - өте ауқымды, әрі күрделі міндет", деді Н. Назарбаев.

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Қазақстанның таяу 10 жылдағы стратегиялық міндеті. Бұл туралы бүгін Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқылануда.

"Жоспарға сәйкес, біз бүгін бір мәселені - еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастырамыз. Азық-түлік тағамдарын өндіруде Қазақстан әлемде салмақты орынды иеленеді. Бізге еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істеу керек. Бұл біріншіден. Екіншіден, біз өзіміздің ауыл шаруашылығымызды инновациялық экономиканың бір саласы ретінде дамытуымыз қажет", деді кеңесті ашқан мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы еліміздің Ішкі жалпы өніміндегі ауыл шаруашылығының қосылған құнының көлемін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттағы жалпы көлемін ұлғайту қажеттігін атап көрсетті. "Бұл - өте ауқымды, әрі күрделі міндет", деді Н. Назарбаев.

"Біз аграралық кешенді тұңғыш рет бірінші орынға қойып отырмыз. Бүгін осы мәселені талқылап тиісті шешім қабылдаймыз", деді ол. Елбасы ауылшаруашылығы саласында дәнді-дақылдарды өсіруге ғана емес, сонымен қатар ет, сүт, көкөністерді өсіруге де айрықша ден қою қажеттігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық міндет екенін атап айтты. "Біз екі бес жылдыққа бөлетін таяудағы 10 жылда осы мәселені шешетін боламыз. Өкінішке қарай, соңғы жылдары ауыл шаруашылығының үлесі ұлғайып жатқан жоқ, төмендеп отыр. Бұл, мүмкін, Ішкі жалпы өнімнің жалпы көлемінің өсуімен байланысты болар. Ішкі жалпы өнімнің жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі де ұлғаймай, төмендеп барады. Сондықтан бізге осы мәселелердің бәрін шешу қажет", деді президент.

Елбасы 2003 жылдан бері мемлекет ауыл шаруашылығын қолдауға 500 млрд теңгеден астам қаржы бағытталғанын атап көрсетті. "Біз жан басына шаққанда бидай өндіру көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орын иемденеміз - ол 1 тоннадан асады. Бұл - жақсы сан болғанымен, басқа өнімдер өндірісіне қарағанда сапалық көрсеткіштердің артқанын көрсете алмайды", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны