23.07.2013, 12:35 3700

Еліміздің халықаралық резерві 89,6 млрд. долларға жетті

Қазақстанның халықаралық резерві жыл басынан бері 4,1 пайызға өсіп, 89,6 миллиард долларға жетті.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - Еліміздің халықаралық резерві 89,6 млрд. долларға жетті , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның халықаралық резерві жыл басынан бері 4,1 пайызға өсіп, 89,6 миллиард долларға жетті.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. "Оның ішінде еліміздің жалпы халықаралық резерві 26,1 миллиард долларды құрап, жыл басынан бері 7,6 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш негізінен алтынға әлемдік бағамның төмендеуіне байланысты болып отыр. Сондай-ақ, ұлттық қордың шетелдік валютадағы активі 63,5 миллиард долларды құрап, жыл басынан бері 9,8 пайызға өсті ",- деді экономика министрі. Оның айтуынша, мамыр айындағы кредиттік көрсеткіш жыл басындағымен салыстырғанда, 4,5 пайызға өсіп, 10,3 триллион теңгені құраған. "Ұзақ мерзімді кредиттеудің 1,5 пайызға артқаны да байқалады",- деді Е.Досаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны