15.10.2007, 16:38 3053

Еліміздің индустрия және сауда министрі сауда базарларындағы ахуалға республиканың құқық қорғау органдары араласуға тиіс деген пікірде

Еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов сауда базарларындағы ахуалға республиканың құқық қорғау органдары араласуға тиіс деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Біз ішкі істер органдарына, соның ішінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына, қаржы полициясы мен салық инспекциясына ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің сауда базарларына шығуына шектеу қою...

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов сауда базарларындағы ахуалға республиканың құқық қорғау органдары араласуға тиіс деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ішкі істер органдарына, соның ішінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына, қаржы полициясы мен салық инспекциясына ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің сауда базарларына шығуына шектеу қою, саудагерлерді бағаны жоғары деңгейде ұстап тұруға мәжбүрлеу деректерін әшкерелеу және оған қатаң тосқауыл қою мақсатымен жүйелі түрде шаралар мен рейдтер өткізуді ұсынамыз... өйткені мұндай деректердің бәрі де ет пен сүт бағасының қымбаттауына тікелей қатысты", - деді Г. Оразбақов.

"Бүгінде белгілі бір топтар тауар өндірушілерді қалаға енгізбей, жолай күтіп алып, тауарын тартып алып, оларға көтерме бағасын ғана төлеп, кері қайтаруда. Осынау алыпсатарлар оның өнімін 1,5 - 2 есе қымбат бағаға сатуда", - деді министр.

"Илдебір мығым жігіттердің сауда жаймаларына келіп, ондағы сатушыларға тауарды мәселен, 500 теңгеден арзанға сатсаң, біз сені осы жерден аластап, тауарыңды тартып аламыз деп қорқытатын деректер анықталып, дәлелденуде", - деді ол. "Бұған назар аударып отырған ешкім жоқ, атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен қаржы полициясы да, ал бұл - осы мекемелердің тікелей міндеті", - деді ол.

"Сол үшін арнаулы рейдтер өткізу қажет, ал рейдтерді офицерлер құрамы, тіпті аға офицерлер өткізуге тиіс. Өйткені, базарладағы жоғары баға осындай деректердің есебінен сақталып отыр", - деді Ғ. Оразбақов.

Оның бағалауынша, қазіргі күні тұтынушы "республика бойынша орта есеппен етті өнім өндірушінің бағасынан 50% қымбат бағаға сатып алуда". "Сүт сатуда да осындай ахуал қалыптасқан, бастапқы сатып алған бағаға қосылатын үмтеме мөлшері республика бойынша орта есеппен 35 % құрайды", - деді Ғ. Оразбақов.

Өз кезегінде ауылшаруашылығының вице-министрі Дулат Айтжанов Қазақстанда ет және сүт өнімдерінің бағасы "инфляциялық дәліз шеңберінде" ауытқып отырғанын хабарлады. "Байқалып отырған баға өсімі өндіру мөлшерінің аздығына байланысты емес, өйткені, жылдық сүт сұранысы 4 млн тонна екеніне қарамастан, ағымдағы жылдың 9 айында елімізде 4,1 млн тонна сүт өндірілген. Ұлттық тұтыну нормасына сәйкес, біз 740 мың тонна ет өндіруге тиіспіз, ал ағымдағы жылдың 9 айында 512 мың тонна ет өндірілген, бұл былтырғы деңгейден 9 % артық, ал былтыр 800 мың тоннадан астам ет өндірілген", -деді министрлік өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны