01.08.2006, 16:44 2924

Еліміздің мемлекеттік бюджет шығындары Жалпы ішкі өнімге шаққанда 2007-жылы 25%, 2008-жылы 24%-ке дейін, 2009-жылы 23,2%-ке дейін азаяды - үкімет

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Үкіметтің болжамына сәйкес, еліміздің мемлекеттік бюджет шығындары Жалпы ішкі өнімге шаққанда 2007-жылы 25%, 2008-жылы 24%-ке дейін, 2009-жылы 23,2%-ке дейін азаяды. Бұл туралы министрлер кабинетінің "Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007-2009-жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы" қаулысында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007-2009-жылдарда мемлекеттік бюджет шығындарының номиналдық өсім қарқыны төмендейді деп күтілуде. Ол Жалпы ішкі өнімнің номинал өсім қарқынынан төмендеу болмақ. Бюджет шығындарының орташа өсім қарқыны 114,3 процент деңгейінде, ал Жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны Жалпы ішкі өнімге шақанда 114,5 процент болады деп күтілуде",- делінген үкіметтің қаулысында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны