12.03.2014, 20:51 5250

Еліміздің оңтүстік аймақтарында геологиялық барлау бойынша шағын кластерді дамыту жоспарлануда- Ж.Иділов

"Ал, болашақ энергиясына келетін болсақ өте көп ғалымдар бұл мәселемен айналысуда. Атап айтатын болсақ, біздің университет ресейлік ғалымдармен болашақ энергиясын іздестіру бойыша бірлесіп жұмыс істеуде. Алғашқы жоба ғарыштық және күн электростанциясымен тығыз байланысты", - деді оқу орынының ректоры.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында геологиялық барлау бойыша шағын кластерді дамытуды жоспарлаудамыз, деп ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте Қ. Сатпаев атындағы Қазақ техникалық ұлттық университетінің ректоры Жексенбек Иділов мәлім етті.

"Мемлекет басшысы геологиялық барлау саласы бойынша үлкен жаһандық міндет қойды. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның ішінде Геология комитеті осы бағытта белсенді жұмыс істеп келеді. Белгілі болғандай Назарбаев университетінің жанынан аталмыш кластер жасақталып, нақты міндеттер айқындалған. Бұл елімізде осы бағытта мықты кластер қалыптасады деген сөз емес. Біз оңтүстік аймақтарға осы сала бойынша шағын кластерді дамытуды жоспарлаудамыз. Себебі, 80 жылдық тәжірибемізбен зерттеулеріміз бар, демек геологиялық барлау саласы бойынша болашағымыз да бар", - деп Ж. Иділов ағынан жарылды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, сирек кездесетін металлдарды іздестіру бойынша тапсырма берілді.

"Экономиканың жаңа салалары пайда болуда, және олар үшін сирек кездесетін металлдар мен оларды өңдеу бойынша технологиялар да керек", - деп Ж.Иділов толықтырды.

Сонымен қатар, ол мобільді, мультимедиялық, нано- және ғарыштық технологиялардың салаларының негізін салу тапсырылды, деп атап өтті.

"Ал, болашақ энергиясына келетін болсақ өте көп ғалымдар бұл мәселемен айналысуда. Атап айтатын болсақ, біздің университет ресейлік ғалымдармен болашақ энергиясын іздестіру бойыша бірлесіп жұмыс істеуде. Алғашқы жоба ғарыштық және күн электростанциясымен тығыз байланысты", - деді оқу орынының ректоры.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстан геологиялық барлау бойынша әлемдік нарыққа енуі керек деп атап өткен еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны