23.08.2006, 18:23 3228

Еліміздің оңтүстік өңірлерін энергетикамен қамтамасыз ету проблемасы 2009-жылы шешіледі деп көзделген - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі

АСТАНА. 23-тамыз. Kazakhstan Today. Еліміздің оңтүстік өңірлерін энергетикамен қамтамасыз ету проблемасы 2009-жылы шешіледі деп көзделген. Бұл туралы бүгін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінде өткен ақла мәжілісі барысында осы мекеменің басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Орталық-Азия-Орталық және Бұқара-Орал құбырларын оңтүстікпен жалғастыратын газ құбырын тарту қажеттігі туралы мәселені жыл басында ең алдымен мемлекет басшысымен келіскеннен кейін премьер-министрдің алдына қойғанбыз",- деді Б.Ізмұхамбетов. Оның іпікірінше, "мұндай газ құбырын тарту Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы тапшылықты толық қамтамасыз ете алады".

Сонымен бірге министр қазіргі жағдаймен Қарашығанақ газын пайдалану мүмкіндігі жөнінде Ресей жағымен алдын-ала келісім жасалғанын еске салды. "Біз осы шешімді рәсімдейтін құжаттарға қазан айында қол қоюды жоспарлап отырмыз",- деді ол. "Осыдан кейін біз еліміздің оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етуге бағытталған шараларға бірден кірісіп кетеміз",- деді Б.Ізмұхамбетов.

"Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін алдағы 2-3 жылда қамтамасыз ете аламыз деп сенеміз, басқаша айтқанда, еліміздің оңтүстігіндегі тапшылық тауқыметін 2009-жылға дейін шешуге тиіспіз",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны