23.10.2006, 15:29 3946

Еліміздің тоқыма өнеркәсібінде өнім мөлшері азаю ағымы әлі де сақталып отыр - ҚР жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы

АЛМАТЫ. 23-қазан. Kazakhstan Today. Еліміздің тоқыма өнеркәсібінде өнім мөлшері азаю ағымы әлі де сақталып отыр. Бұл туралы ҚР жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы Любовь Худова бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Өнім мөлшері жыл өткен сайын азайып келеді",- деді Л.Худова. "Егер 2000-жылы өнім мөлшері 40 млрд. теңгені құраса, 2005-жылдың аяғында бұл көлем 32 млрд. теңгеден асты. 2006-жылдың алғашқы жартысында да өнім мөлшері азая түсті",- деді ол.

Өнім мөлшерінің азаюына көлеңкелі экономика - басты себеп. "Тауардың басым бөлігі контрабандалық жолмен елге келеді. Жасырын өндірілетін және қолдан жасалатын жалған өнімдер де еліміздегі көлеңкелі экономиканың үлес салмағын арттыра түсуде",- деді Л.Худова. Қауымдастық төрайымының атап көрсетуінше, "еліміздегі тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі 8 проценттен аспайды. Бұл - өнім мөлшері кез-келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі деңгейінен де төмен екендігін көрсетеді". "Отандық өндіріс ауқымы 30 процентті құраған жағдайда экономикалық қауіпсіздіктің төменгі шегі деп санайды",- деді Л.Худова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны