03.10.2006, 17:49 2714

Еліміздің Ұлттық банкі Ұлттық қорға аударылатын қаржыны конвертациялаудың тиімді тетігін ағымдағы жылдың аяғына дейін айқындайды

АСТАНА. 3-қазан. Kazakhstan Today. Еліміздің Ұлттық банкі Ұлттық қорға аударылатын қаржыны конвертациялаудың мейлінше тиімді тетігін ағымдағы жылдың аяғына дейін айқындайды. Бұл туралы еліміздің Ұлттық банкінің төрағасы Инуар Сәйденов бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Меніңше, біз жылдың аяғына дейін Ұлттық қорға аударылатын қаржыны конвертациялаудың мейлінше тиімді тетігін айқындаймыз",- деді И.Сәйденов. "Долларға деген сұраныстың шамалы деңгейде өсуі байқалуда. Соған сәйкес оның еліміздегі айырбас бағамының өсуіне біздің шілдеден бастап Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа тетігіне көшуіміз себеп",- деді банк басшысы.

Оның айтуынша, 40-45 млрд. теңгені конвертациялау қажет. "Біз бұл ақшамен нарыққа шығамыз. Осы мерзімде долларға деген сұраныс артады",- деді И.Сәйденов. Демек, оның айтуынша, Ұлттық қорды толықтырудың жаңа тетігі АҚШ валютасы бағамының өсуіне түрткі болып отырған жалғыз себеп емес.

Бас банкирдің айтуынша, Ұлттық банк Ұлттық қорға аударылатын қаржыны екі жолмен конвертациялай алады. Біріншісі - мемлекеттің алтынвалюта активтерінің есебінен және валюта нарығында тиісті көлемде доллар сатып алу. "Екінші жол біз үшін артық. Өйткені, алтынвалюта түріндегі активтерді үлкен көлемде конвертациялау олардың азаюына алып келеді. Ал олар импорттың белгілі бір көлемін жабуға тиіс",- деді И.Сәйденов.

"Нарық Ұлттық орға қаржы аударудың жаңа тетігіне бейімделуге тиіс. Біз осынау барлық қаражатты нарыққа шығару қажет пе, немесе, Ұлттық қорға аударылатын қаржының бір бөлігін алтынвалюта түріндегі активтерден конвертациялау қажет пе деген тұрғыда тепе-теңдікті табуымыз қажет",- деді банк басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны