06.07.2006, 15:42 3623

Еліміздің жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы салалық министрліктің құрылуын қолдайды

АЛМАТЫ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Еліміздің жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы салалық министрліктің құрылуын қолдайды. Бұл туралы бүгін инновациялық жобалардың І тоқыма конгрессі барысында қауымдастық басқармаларының төрайымы Любовь Худова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қазақстанда саланы дамытудың біртұтас тұжырымдамасы жоқ. Кластерлік дамудың дайын үлгісі де болған емес. Дағдарыстан шығу тетіктері дәйектелмеген”,- деді Л.Худова. “Республиканың жеңіл өнеркәсіп министрлігін құру қажеттігі туындап отыр. Өйткені, салалық кластер еліміз үшін басымдық берілген салалардың бірі”,- деп мәлімдеді ол. “Қазір индустрия және сауда министрлігі бар. Ол расында да нағыз индустрия және сауда министрлігі. Ал тоқыма саласы мүлдем реттелмейді”,- деді Л.Худова.

Сонымен бірге еліміздің жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы салалық ғылымды дамытуды қолға алу қажет деп мәлімдейді. “Жеңіл өнеркәсібінің орталық ғылыми-зерттеу институты немесе ғылыми орталығын құратын мерзім жетті деп санаймыз”,- деді бірлестік жетекшісі.

Л.Худованың айтуынша, салада шешімін күткен проблемалар жетерлік. Соның ішінде елімізге келіп жатқан тауарларды толық декларациялау мәселесі бар. “Бұл мемлекетіміздің қазынасын толықтырып қана қоймай, отандық өнім өндірушілер мен импорттаушылардың экономикалық мүмкіндіктерін теңестіреді. Осындай жалғыз шараның өзі өнім мөлшерін бірнеше есе арттыруға септігін тигізеді”,- деді ол. Екіншіден, “салалық кәсіпорындар үшін салық ауыртпалығын азайтып, Қосалқы құн салығын 50 процентке азайту қажет”. Сонымен бірге қауымдастық салалық кәсіпорындарды “тапқан пайдасын толық көлемде өндіріске қайта инвестиция ретінде жұмсаған жағдайда салық кірісінен босатуды” ұсынады.

“Осындай үш шараның өзі тоқыма және жеңіл өнеркәсібін қазіргі дағдарыстан шығаруға септігін тигізбек”. Отандық кәсіпкерлер кластерлік дамуға қатысты өз ұсыныстарын үкіметке жолдамақшы.

Л.Худованың айтуынша, “еліміздің өңдеу өнеркәсібі саласында тек осы салада ғана 2000-жылдан бері өнім мөлшері азаю ағымы байқалып отыр”. “Соңғы 5 жылда өнім мөлшері 37,8 млрд. теңгеден 30,7 млрд. теңгеге дейін азайды. Республиканың өнеркәсіп құрылымында саланың үлесі 2 проценттен 0,6 процентке дейін азайды”,- деді ол. Дегенмен, Л.Худованың айтуынша, тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының саны екі еседен астам өскен. “Ал қайта жабылған өндірістердің саны өсіп келе жатқан кәсіпорындардың санынан 1,5 есе артық болса, өндіріс орындары қызметкерлерінің саны 25,6 мыңнан 21 мың адамға дейін азайған”,- деді қауымдастық төрайымы.

“Республиканың сыртқы сауда балансында тоқыма өнеркәсібі тауарларының үлес салмағы 1 процентке жетпейді. Экспорттың 96 проценттен астамы шикізат. Ал ақырғы тұтыным тауарларының импорты тауар экспортынан 24 есе артық. Жеңіл өнеркәсіптің артта қалуының басты себебі осы”,- деді ол.

Қауымдастық төрйымының айтуынша, тоқыма және тігін өнеркәсібі еліміздің ішкі нарығындағы сұраныстың 8 процентін ғана қамтамасыз ете алады. “Ал етік мәселесіне келсек, отандық өндірістер небәрі 1 процентін ғана қамтамасыз етуде. Демек, аяқ киімнің 99 проценті сырттан импортталады деген сөз. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы өте төмен. Тұрғындардың өсіп келе жатқан сұранысы негізінен конрафакт, декларацияда көрсетілмеген, жасырын және сертификатталмаған өндірістерде өндірілген өнімдердің есебінен қамтамасыз етілуде. Осындай өнімдердің үлес салмағы 95 проценттен асады”,- деді Л.Худова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны