05.03.2020, 23:19 10319

Елорда әкімдігінде бірқатар инвестициялық жобалар қолдау тапты

Елордада Алтай Көлгіновтың басшылығымен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті.

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Елорда әкімдігінде бірқатар инвестициялық жобалар қолдау тапты.

Елордада Алтай Көлгіновтың басшылығымен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті. Қолдау көрсетілген жобаларды іске асыру бір мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Көтерме-тарату орталығын салу жобасы қолдау тапты. Жоба көкөністерді, жемістерді, етті, балықты, сүт өнімдерін және т.б. сақтау, тасымалдау және сату бойынша қызметтерді орталықтандыруға арналған. Елорда әкімі Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті, "ел басшылығының инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз және инвестициялық климатты жақсарту үшін жұмыс істейміз, қала мен тұрғындар үшін қажетті жобаларды қолдаймыз", - деді. Кеңесте білім беру саласындағы бірқатар жобалар мен автобус паркі құрылысының жобасы қолдау тапты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны