17.12.2018, 14:17 5363

Елорда тұрғындарына 2018 жылдыӊ 9 айында 4,5 млрд теӊге сомасына 462 649 рецепт берілді

Басқаша айтсақ, рецепт жазып берілген пациенттердіӊ саны - 132 431 болса, олардыӊ 124 919-ы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді", - дейді Илеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ Астана қаласы бойынша филиалыныӊ директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елорда тұрғындарына 2018 жылдыӊ 9 айында 4,5 млрд теӊге сомасына 462 649 рецепт берілді, олардыӊ 414 053-і дәрі-дәрмектермен (4,1 млрд теӊге сомасына) қамтылды.

Басқаша айтсақ, рецепт жазып берілген пациенттердіӊ саны - 132 431 болса, олардыӊ 124 919-ы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді", - дейді Илеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ Астана қаласы бойынша филиалыныӊ директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру барысын бақылаудыӊ жаӊа түрі пайда болмақ. Жыл соӊында іске қосылатын бұл жоба кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу процесін жетілдіруді көздейді.

"2018 жылдыӊ басында Медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеӊберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгертті. Яғни, бұрын дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар ақысы дәрігер жазған рецепт бойынша төленіп келген болса, биылдан бастап дәрі қолма-қол берілген рецептілерге ғана төленеді. Атап айтқанда, пациент дәріні алған кезде тиісті құжаттарға қол қояды. Содан кейін төлем туралы мәлімет "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Келесі кезеӊде бақылау жүйесіне пациенттердіӊ өздерін тарту көзделген. Біз осы жүйені нобайлы жоба ретінде іске қосып отырмыз", - деп түсіндірді Медициналық сақтандыру қорыныӊ Басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Денсаулық сақтау министрлігі, Медициналық сақтандыру қоры және "СК-Фармация" ЖШС бірлесіп іске қосқан "SMS-хабарлама жүйесі" жобасыныӊ аясында пациенттерге 12 желтоқсаннан 2018 жылдыӊ соӊына дейін SMS-хабарлама жіберу көзделген. Хабарлама биылғы қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттерге жіберіледі.

Жоспар бойынша хабарлама рецептілерде көрсетілген 3 млн нөмірге түсуі тиіс. Хабарламада дәрі-дәрмектіӊ берілген күні мен атауы көрсетіледі. Егер пациент препараттарды алмаған болса, SMS-хабарламаға жауап ретінде "0" цифрын жолдайды немесе "СК-Фармация" ЖШС-ніӊ 1439 байланыс нөміріне қоӊырау шалады.

Пациенттердіӊ амбулаторлық карталарында көрсетілген телефон нөмірлері қате болса, SMS-хабарлама бармауы мүмкін. Мұндай жағдайда "СК-Фармацияныӊ" байланыс орталығына хабарласуға болады.

Алынған мәліметтер сарапталып, әр дерек (факт) жеке-жеке тексеріледі. Анықталған заӊ бұзушылықтар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне жолданады.

Хабарлама нәтижесі мен ақпараттық жүйедегі мәліметтер арасында айтарлықтай алшақтық табылып жатса, жоба мерзімі ұзартылады. Сонымен қатар, болашақта ол кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеӊберінде көрсетілетін өзге де қызметтерге қолданылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны