01.10.2015, 18:08 4927

Елордада 3331 мүлік заӊдастырылды

2014 жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат ықтиярхаты бар тұлғалар мен оралмандардыӊ, олардыӊ мүлікті заӊдастыруымен байланысты рақымшылық жасау туралы" заӊына қол қойылып, экономикалық айналымда жоқ мүліктерді заӊдастыру рәсімдері бастау алғанын жариялаған болатын. Қазірге дейін Астана қаласыныӊ Икімдігіне мүлікті заӊдастыру туралы өтініштер түсіп жатыр

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - 2014 жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат ықтиярхаты бар тұлғалар мен оралмандардыӊ, олардыӊ мүлікті заӊдастыруымен байланысты рақымшылық жасау туралы" заӊына қол қойылып, экономикалық айналымда жоқ мүліктерді заӊдастыру рәсімдері бастау алғанын жариялаған болатын. Қазірге дейін Астана қаласыныӊ Икімдігіне мүлікті заӊдастыру туралы өтініштер түсіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы күнге дейін Астанада жалпы сомасы 14 029 979 мыӊ теӊгені құрайтын 3331 нысан заӊдастырылды.

2015 жылдыӊ 01 қазанындағы есеп бойынша ҚР аумағындағы мүлікті заӊдастыру туралы Астана қ. Жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияға жалпы сомасы 55 596 423,8 мыӊ теӊгені құрайтын мүлікті заӊдастыру бойынша 3833 өтініш келіп түскен: 32 786 868 мыӊ теӊгеніӊ 4 930 тұрғын үй нысаны; 22 351 606 мыӊ теӊгеніӊ 5 248 тұрғын емес нысаны, соныӊ ішінде, 16 516 532 мыӊ теӊге сомасындағы 617 коммерциялық нысан; 457 949 мыӊ теӊге сомасындағы 5 заӊды тұлғаға қатысу үлесі.

Шетелдегі мүлікті заӊдастыруға қатысты Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне бірде бір өтініш түспеді.

Мүлік пен капиталды жария ету науқаны ел азаматтары үшін де, Қазақстан экономикасы үшін де тиімді. Жария етудіӊ маӊызды ерекшеліктерініӊ бірі - ақшаны заӊдастыру табыс болып саналмайтындықтан одан салық алынбайды. Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлерініӊ айтуынша, қаражатын заӊдастыру құқығын пайдаланған азаматтар заӊдастыратын ақшасыныӊ 10 пайызын үнемдеп қалуға мүмкіндік алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны