22.11.2012, 17:26 3551

Елордада 6-шы қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумы өз жұмысын бастады

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алқалы жиынға қатысушылардың алдында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев сөз сөйледі.

Астана. 22-қараша. Kazakhstan Today - Елордада 6-шы қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алқалы жиынға қатысушылардың алдында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев сөз сөйледі.

Бүгін елордада 6-шы қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумы өз жұмысын бастады.

Алқалы жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев кейінгі жылдары қазақстандық астық қорын тұрақты өткізу оң жолға қойылғандығын айта келе: "Мұнда астық өндірісі саласының өте маңызды мәселелері талқыланады және оны әрі қарай дамытуға септігін тигізетін ұсыныстар қабылданады. Бүгінгі болатын кезекті астық форумында да бұған қатысушы елдердің арасындағы ынтымақтастықты нығайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мүмкіндіктер туындайтынына сенімдіміз",-деді.

Маңызды басқосуға 250-ге жуық адам қатысуда. Олардың қатарында дәнді дақылдарды өсіруге әрі экспорттауға мамандандырылған отандық және шетелдік кәсіпорындардың, салалық, мемлекеттік ведомстволардың, даму институттары мен сақтандыру компанияларының өкілдері астық саласындағы жергілікті және шетелдік сарапшылар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бар.

Айта кетерлігі, форум әлемдік нарықта отандық астыққа деген сұранысты арттыру, экспорттаушылар мен импорттаушылардың арасында ынтымақтастық байланысты орнату мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақстан Үкіметі астық нарығын реттеуде дұрыс шаралар қабылдауда. Бұл туралы бүгін елордада басталған 6-шы қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумында еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

"Ағымдағы жылғы құрғақшылық және өткен жылғы рекордтық астық түсімі біздердің ішкі нарықтағы бағаның құлдырауына жол бермегендігімізді көрсетті. Ал осы жылы біз экспортқа ешқандай шектеу қойған жоқпыз. Бұл фермерлерімізге өз өнімдерін әлемдік, тіпті әлемдік бағадан да жоғары бағаға сатуға мүмкіндік береді. Өткен жылы да рекордтық астық жиналуына қарамастан астық бағасы тоннасына 150 доллардан төмен түскен жоқ", - деді министр.

Сондай-ақ А.Мамытбеков өз сөзінде салалық бағдарлама аясында сақтандыру тетіктерін жетілдіру бағытындағы жүмыстар жүрігізіліп жатқандығын баса айтты. Оның пайымынша, бұл астық өндіру кезіндегі фермелердің барлық шығындарының міндетті түрде қайтарымы болатындығына кепіл іспеттес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны