11.02.2016, 16:15 3315

Елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалар "Recommended by EXPO-2017" ресми түрде мәртебесін алды

Астана қаласыныӊ "Recommended by EXPO-2017" Серіктестік бағдарламасы шеӊберінде алғашқы тоғыз қонақ үй мен мейрамхана мақұлданды

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ "Recommended by EXPO-2017" Серіктестік бағдарламасы шеӊберінде алғашқы тоғыз қонақ үй мен мейрамхана мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін Астана қаласыныӊ "Recommended by EXPO-2017" Серіктестік бағдарламасыныӊ бірінші қатысушыларына сертификаттар мен белгілерді салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Марапаттау рәсіміне Астана қаласыныӊ "Recommended by EXPO-2017" Серіктестік бағдарламасы Комиссиясыныӊ төрағасы, Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Нұрәлі Илиев, "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС өкілдері, сонымен қатар, елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалардыӊ және өзге де қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардыӊ басшылары қатысты.

"Халықаралық "ЕХРО-2017" көрмесіне дайындық жүргізу және өткізу кезіндегі басты міндеттердіӊ бірі қызмет көрсету саласында лайықты сервис ұсыну болып табылады. Көрмені өткізу деӊгейіне қарай қаланыӊ туристік дестинация ретіндегі даму келешегі айқын болмақ. Сондықтан, біз аталмыш Серіктестік бағдарламасы шеӊберінде бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндеттерді орындай аламыз деп сенемін", - деді Нұрәлі Илиев.

Туристік саласыныӊ он кәсіпорны арасында қызмет көрсету деӊгейін бағалау нәтижелері бойынша "Астана қаласыныӊ алтын серіктесі" атағы "Soluxe Hotel Astana", "Radisson Hotel Astana" қонақ үйлеріне, "Astana Marriott" отеліне және "Korean House" мейрамханасына берілді".

"Күміс серіктес" белгісін "Park Inn by Radisson Hotel Astana" қонақ үйі жеӊіп алды. "Қола серіктес" санатында "Ibis Hotel Astana", "Grand Park Esil Astana" қонақ үйлері және "Думан" қонақ үй кешені марапатталды. Ал "Peshnan" кондитерлік дүкені берілген ұпайлар саны бойынша "Астана қаласыныӊ серіктесі" санатында сертификатқа ие болды.

Бағдарламаныӊ оныншы қатысушысы Астана қаласыныӊ "Recommended by EXPO-2017" Серіктестік бағдарламасыныӊ талаптарына сәйкес келмеді.

Осылайша, Астана қаласыныӊ ресми Серіктестері өз брендтерін Астана қаласы әкімдігініӊ, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ, "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС сайттарында, әуежай мен теміржол вокзалындағы ақпараттық киоскілерінде басымдықпен орналастыру, туристерге арналған ақпараттық материалдарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілердіӊ навигациялық жүйесінде орналастыру құқығына ие болады.

Қазіргі кеде Бағдарламаға қатысуға 50-ден астам өтінім берілген.

Іс-шара соӊында Нұрәлі Илиев барлық қатысушыларға сапалы жұмыстары үшін алғыс айтып, ұзақ мерзімді әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді, өз кезегінде бұл Қазақстан астанасыныӊ беделіне оӊ әсерін тигізбек.

Еске сала кетейік, өткен жылдыӊ қазан айында Астана қаласыныӊ әкімдігі "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ-мен бірлесіп Астана қаласыныӊ "Recommended by EXPO-2017" Серіктестік бағдарламасыныӊ іске қосылғандығы туралы хабарлады. Оныӊ жұмыс органы "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС болып табылады. Бағдарлама шеӊберінде ҚР қолданыстағы заӊнамасы мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, көрсетілетін қызметтер деӊгейіне қойылатын талаптар әзірленді. Бағдарламаға барлық елордалық қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары мен қызмет көрсету салалары қатыса алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны