19.10.2015, 15:32 4107

Елорданыӊ 2015-2017 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді

Астана қаласы мәслихатыныӊ кезектен тыс 58-ші сессиясында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Жанат Нұрпейісов елорданыӊ бюджетіне енгізілетін өзгерістер бойынша халық қалауларына баяндама жасады.

Астана. 19 Қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласы мәслихатыныӊ кезектен тыс 58-ші сессиясында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Жанат Нұрпейісов елорданыӊ бюджетіне енгізілетін өзгерістер бойынша халық қалауларына баяндама жасады. Оныӊ айтуынша, елорданыӊ әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерініӊ өсуі қаланыӊ басты қаржы құжатына сүбелі үлес қосуға ықпал етті. Осыған орай, бюджеттік бағдарламалардыӊ қаражаты қайта қаралу ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл ретте аталған қаржы көздері елорданыӊ әлеуметтік-маӊызы бар мәселелеріне, атап айтсақ, құрылысы аяқталмаған мектептер мен балабақшаларды, спорттық кешендерді салып бітіруге, қаланыӊ көлік инфрақұрылымыныӊ жұмысын жалғастыруға, әлеуметтік осал топтарды дәрі-дәрмекпен, оқушыларды оқу құралдары және оқулықтармен қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына, елорданыӊ көшелері мен аулаларын тазартуға арналған шаруашылық техника алу үшін қаражат бөлінеді, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Сессия аясында депутаттар Астана қаласыныӊ "Recommended by EXPO-2017" әріптестік бағдарламасына қатысушыларды іріктейтін комиссияныӊ құрамын бекітті. Аталмыш бағдарлама қаланыӊ қонақ үйлер желісі мен тамақтандыру орындарыныӊ сапасын жақсартуға бағытталған.

Бұдан бөлек, қалалық мәслихаттыӊ бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін сатып алу келісімшарты жобасы мақұлдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны