05.04.2022, 15:21 14771

ҰЭМ: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы 9%-ға индекстеледі

ҰЭМ: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы 9%-ға индекстеледі
НҰР-СҰЛТАН. 5 СӘУІР - Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикалық бюджетке енгізілген түзетулерде зейнетақы мен кейбір жәрдемақыларды индекстеу жоспарланғанын айтты.
 
Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден доллардың өсуі мен инфляцияның жоғары деңгейін ескере отырып, зейнетақы мен жәрдемақыны қайта индекстеу қалай және қашан жоспарланғанын сұрады.
 

Негізінен, зейнетақылар мен кейбір жәрдемақыға қатысты. Шамамен, 9 пайызға. Бюджет қашан нақтыланады деген мәселеде Мәжіліс пен Сенаттан өтеміз, Президент "Республикалық бюджет туралы" заңға қол қояды. Әрі қарай іске асыру туралы шешім қабылданады. Шамамен, маусым-шілдеде", - деді Қуантыров.

 
Еске салайық, зейнетақы мен жәрдемақыларды индекстеу жыл басында да жүргізілген болатын. Алайда теңгенің құнсыздануы мен азық-түлік бағасының көтерілуін ескере отырып, наурыздың басында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қайта индексациялау мүмкіндігін жоққа шығармаған еді.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны