13.01.2014, 19:48 4572

Еңбек мигранттарына салынатын салық 2 АЕК құрайды

"Үй шаруасымен айналысатын еңбек иммигранттары салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша жұмыс істеген (қызмет көрсеткен) әрбір ай үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (3 704 теңге) алдын ала төлем жасайды. Алдын ала төлем еңбек иммигрантының орналасқан жері бойынша көші-қон полициясы органдарының рұқсатын алғанға дейін (ұзартқанша) бюджетке төленеді", - делінген хабарламада.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. Астана қаласы бойынша еңбек иммигранттарына салынатын салық 2 айлық есептік көрсеткішті (3704 теңге) құрайды, деп Астана қаласының ресми сайты Салық департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Үй шаруасымен айналысатын еңбек иммигранттары салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша жұмыс істеген (қызмет көрсеткен) әрбір ай үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (3 704 теңге) алдын ала төлем жасайды. Алдын ала төлем еңбек иммигрантының орналасқан жері бойынша көші-қон полициясы органдарының рұқсатын алғанға дейін (ұзартқанша) бюджетке төленеді", - делінген хабарламада.

Жыл соңында көшіп-қонушы жеке табыс салығы сомаларын есептейді.

Ведомствоның атап өтуінше, еңбек иммигрантының табысы рұқсат етілген кезең ішінде жұмыстарды орындаудан түскен кіріс мөлшерінен тұрады.

"Салық салынатын табысты анықтау үшін жалпы тапқан табыс сомасынан әр айға заңмен белгіленген бір реттік ең төменгі еңбекақы алынып тасталады, ал қалған сомаға 10 пайыз мөлшерлемесі бойынша жеке табыс салығы салынады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, алдын ала төленген салық сомасы іс жүзінде есептелген сомадан төмен болған көшіп-қонушылар ғана жыл соңында декларация тапсырады.

Бұл декларация есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін ұсынылуы тиіс. Бюджетпен түпкілікті есеп айырысу сол жылдың 10 сәуіріне дейін алдын ала төленген төлемдерді есептей отырып жүргізіледі. Еңбек иммигранттарының осы санаттары мерзімінен бұрын елден кеткен жағдайда орналасқан орны бойынша салық органдарына кететін мерзіміне дейін декларация тапсырып, салық төлейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны