03.07.2013, 16:34 4449

Еңбек министрлігі 2013 жылдың үшінші тоқсанындағы кедейшілік шегін белгіледіс

Қазақстанда 2013 жылдың үшінші тоқсанында кедейшілік шегі статистикалық агенттіктің өткен тоқсанға есептеген өмір сүру шегінен 40% көлемде айқындалды.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Еңбек министрлігі 2013 жылдың үшінші тоқсанындағы кедейшілік шегін белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2013 жылдың үшінші тоқсанында кедейшілік шегі статистикалық агенттіктің өткен тоқсанға есептеген өмір сүру шегінен 40% көлемде айқындалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың тиісті бұйрығы бүгін ресми БАҚ-да жарияланған.

Бұйрық ресми жарияланған алғашқы күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

Статистикалық мәліметке сәйкес, Қазақстанда 2013 жылдың маусым айында қмір сүру шегі 18436 теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны