05.05.2009, 12:28 1417

Энергетика мен транспорт Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда басымдық берілетін салаларға жатқызылады - Кәрім Мәсімов

Энергетика мен транспорт Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда басымдық берілетін салаларға жатқызылады - Кәрім Мәсімов

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика мен транспорт Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда басымдық берілетін салаларға жатқызылады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазіргі таңда біз нарықтық экономика принциптерінен бас тартып отырған жоқпыз, өйткені бүгінгі күнге дейін нарықтық экономикадан артық ештеңе ойлап табылған жоқ. Бүгінде қалыптасқан жағдайға сәйкес, бизнестің дамуы да, банк жүйесінің дамуы да, банктердің қаржылай қоры да, ұлттық компаниялардың дамуы да 90% үкіметтің саясатына, үкімет бөлетін ресурстарға тәуелді", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, дегенмен бұл "осы айдың аяғына таман қажетті барлық шешімдерді қабылдауға дайындалатын мәре басы іспетті уақытша ғана кезең болмақ".

Ол бұған қоса "үкіметтің жаңадан құрылып жатқан өндірістердің жаңа техникалық базаның негізінде жұмыс істеуі, ертең осы кәсіпорынның тоқтап қалмауына қол жеткізуі тиіс екенін" атап өтті.

"Ендеше, дау туғызбайтын тұстан: энергетика мен транспорттан бастайық", -деді премьер-министр.

Сонымен бірге үкімет басшысы отырыс барысында барлық мүдделі мемлекеттік органдарға Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Қазақстандағы барлық инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жайлы қажетті ақпаратты беруді тапсырды.

"Өмірзақ Естайұлы, бұл бағыт үшін сіз жауаптысыз, бақылауда ұстауды тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны