01.06.2020, 19:48 7332

Энергетика министрі электр энергетикасы саласын дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді

Кеңестің қорытындысы бойынша Энергетика министрі уәкілетті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Нұрлан Ноғаев электр энергетикасы саласын дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Энергетика министрі "KEGOC" АҚ электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық ұлттық компаниясына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты және электр энергетикасы саласын дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР ЭМ-нің баспасөз қызметі.

"KEGOC" АҚ - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергетика жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ететін, энергия жүйесіндегі балансқа қолдау көрсететін, жүйелік қызметтерді көрсететін және электр энергиясы нарығының субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісімен электр энергияны беретін, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалануға дайындайтын жүйелік оператор.

Нұрлан Ноғаев жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. "KEGOC" АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев Министрге Қазақстанның электр энергетикасы саласының ағымдағы жай-күйін мәлімдеді.

Жұмыс барысында "KEGOC" АҚ-тың жұмыс нәтижелері туралы, Ұлттық электр желісін күшейту жөніндегі іске асырылған және ағымдағы жобалар туралы, сондай-ақ компанияның перспективті жобалары туралы есептер тыңдалды.

Сондай-ақ, Министрге ЖЭК секторындағы және қуат нарығында "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС-ның қызметі туралы ақпарат және электр энергетикасы нарығының осы сегменттеріне егжей-тегжейлі талдау ұсынылды.

Кеңестің қорытындысы бойынша Энергетика министрі уәкілетті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны