15.07.2008, 14:22 1169

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің бағасын арзандату үшін ішкі нарыққа шығарылатын мұнай көлемін ұлғайту қажет деп санайды

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің бағасын арзандату үшін ішкі нарыққа шығарылатын мұнай көлемін ұлғайту қажет деп санайды

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнімдерінің бағасын арзандату үшін ішкі нарыққа шығарылатын мұнай көлемін ұлғайту қажет деп санайды. Бұл туралы үкіметтің отырысында еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

"Бейсенбі күні біз барлық жер қойнауын пайдаланушылардың басын қосамыз, сөйтіп, күзгі жиын-терім науқаны қарсаңында әкімшілік шараны да қолдана отырып ішкі нарыққа шығарылатын мұнай көлемін ұлғайтуға талпынатын боламыз", - деді С. Мыңбаев Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың ол басқаратын мекеме мұнай өнімдерінің бағасы күрт қымбаттап кетуге байланысты қандай шара қолданбақшы деген сауалына берген жауабында.

"Изірге басқа жол жоқ", -деді министр.

Оның айтуынша, осы кездесуде жер қойнауын пайдаланушылармен мазут бойынша баға параметрлері келісіледі. "Жылыту маусымына дайындық басталды, мазуттың бағасы біршама өсіп, экспорттық, ресейлік бағаға жақындай түсті", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны