22.04.2008, 16:29 3118

Энергетика және минералды ресурстар министрі "Самұрық" мемлекеттік холдингіне Жамбыл ГРЭС-ін меншіктену мәселесін шешуді ұсынды

Энергетика және минералды ресурстар министрі "Самұрық" мемлекеттік холдингіне Жамбыл ГРЭС-ін меншіктену мәселесін шешуді ұсынды

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев "Самұрық" мемлекеттік холдингіне Жамбыл ГРЭС-ін меншіктену мәселесін шешуді ұсынды. Бұл туралы ұсынысты ол бүгін өткен үкіметтің отырысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биылғы жылы ЖГРЭС-і үшін отынды сатып алуға өтемақысы ретінде 3,4 млрд теңге бөлу туралы мәселесі шешілді", - деп еске салды С. Мыңбаев.

"Айта кету керек, отынды арзандату үшін бұл станцияға жыл сайын қомақты мөлшерде қаржы бөлініп отырады. Станцияның 50 % жеке меншік компанияның үлесінде екенін ескере отырып, бөлініп отырған субсидиялардан бұрын болашақ инвестицияларға байланысты ЖГРЭС-ін толық жекешендіруді ойластырып, "Самұрық" холдингі станцияның екінші акционерімен бұл мәселені шешуі тиіс ", - деп толықтырды ол.

Министр еске салғанындай, ЖГРЭС №4 энергетикалық блогының трансформаторы өткен жылдың 26 желтоқсан айында істен шығып, төртінші энергоблогы биылғы жылдың қыс кезеңінде тоқтап тұрды. "2008-2009 жылдарындағы күзгі-қысқы кезеңіне дейін бұл энергоблогын іске қосу керек. Ал мұндай трансформатор түрі қорда жоқ болғандықтан, оны Ресейде жасату керек", -деп атап өтті ол.

С. Мыңбаевтың пікірі бойынша, "елдің оңтүстік аймағындағы қуат көздері тапшылығын болдырмау үшін алдағы қыз кезеңінде ЖГРЭС №4 энергоблогының жұмыс істеуі өте қажат", өйткені "бұл блокты ескере отырып оңтүстіктің балансы қыс кезеңінде 200 мегаватқа толтырылатын болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны