26.01.2010, 16:29 3282

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ірі мұнай компанияларындағы қазақстандық мамандарды ұлғайту жөніндегі келіссөздерді бастады

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ірі мұнай компанияларындағы қазақстандық мамандарды ұлғайту жөніндегі келіссөздерді бастады

Астана. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ірі мұнай компанияларындағы қазақстандық мамандарды ұлғайту жөніндегі келіссөздерді бастады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстандық мамандардың санын арттыру жөніндегі келіссөздер басталды", - деді С. Мыңбаев журналистер сауалына берген жауабында.

Мәжіліс комитетінің отырысы барысында депутаттарға осы мәселе бойынша өзі басқаратын мекеменің ұсытанымын таныстырған ол: "байқауға ұсынылған өтінімді уәкілетті орган Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, әрбір шарт бойынша жеке реттейді, компанияда болуға тиісті ұлттық мамандардың ең төменгі санын қалай анықтау жөніндегі әдістеменің жобасы жасалуда",- деді.

"Осы мәселеге қатысты бұрынғы сансыз келісім-шарттарын келіссөздер арқылы түзетулер енгізе отырып өзгертуден өзге амал жоқ", - деді министр.

Оның айтуынша, "қазір бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Тек екі жылда шамамен 500 келісім-шартына, соның ішінде ұлттық үлеске қатысты мәселелер бойынша да өзгерістер енгізілді".

"Ал ірі жер қойнауын пайдаланушыларға келсек, бұл жерде де біршама күрделі екендігіне қарамастан, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы аяқталған келіссөздердің қорытындысы бойынша Қашағанда жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың саны 9-дан 241-ге дейін өсті", - деді ол.

"Үкіметтің деңгейінде бұл салада жұмыстар біртіндеп жалғаса береді", -деп сендірді министр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай компанияларының топ-менеджерлері арасында қазақстандықтардың аздығын атап көрсетті. Бұл туралы Елбасы 2010 жылдың 22 қаңтарында үкіметтің 2009 жылғы есебі тыңдалған кеңесті ашқан кезде мәлімдеді.

"Шетелдік ірі мұнай компанияларында жетекші топ-менеджерлер арасында бірде-бір Қазақстан азаматы жоқ. Басқа саланы қойдық дегенде де, мен ENRC мен "Қазақмысқа" да "біздің өзіміз тәрбиелеп шығарған адамдар қайда?" деп талай айттым " - деді Н. Назарбаев.

"Егерде сол компанияларда Қазақстанның топ-менеджерлері болғанда, импортты алмастыру мәселесі басқаша шешімін табар еді, ал әзірге министрліктер мен мекемелер бұған немқұрайды қарап отыр", - деді мемлекет басшысы.

Осыған байланысты ол Қазақстан жағы акционер болып табылатын кәсіпорындарда басқарушылардың құрамында неліктен қазақстандықтар жоқтығын түсінбейді. "Онда біз неге акционер болып отырмыз? Мұндай қарым-қатынасқа неге жол беріледі?" - деп сұрады президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны