18.07.2008, 11:12 1662

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанармай бағасының сәл-пәл төмендейтінін болжап отыр

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанармай бағасының сәл-пәл төмендейтінін болжап отыр

Астана. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жақын уақытта жанармай бағасының сәл-пәл төмендейді деп болжам жасап отыр. Бұл туралы мұнай өңдейтін компаниялардың өкілдерімен болған жиналыстан кейін журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Министр жақын уақытта жанармай бағасының сәл арзандауы мүмкін екенін атап көрсетті. Сонымен бірге ол нарықта дизельдік отын бағасы литріне 100 теңгеден аспауы және ауыл шаруашылық өндірушілері үшін дизельдік отын бағасы 91 теңгеден жоғары болмауы жөнінде компаниялармен келісім жасалғанын атап көрсетті. Бұл ретте ол осындай бағамен дизельдік отын ауыл шаруашылықтарының қажеттіліктеріне тек 389 тонна көлемінде ғана ұсынылатынын айта кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны