11.12.2007, 18:29 3654

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Жоңғар қақпасында жел электр станциясын салуды бастады

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Жоңғар қақпасында жел электр станциясын салуды бастады

Астана. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жоңғар қақпасында жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл туралы бүгін, парламент мәжілісінде электроэнергетика саласындағы мәселелерге арналған "дөңгелек үстел" барысында энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта құрылыс технологиясын және қатар жұмысты өңдеу мақсатында министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Жаһандық экологиялық қорымен бірлесе отырып Жоңғар қақпасында қуаты 5 МВт жел электр станциясын салу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асыруда",- деді Д. Тұрғанов. Ол сондай-ақ, Қазақстанда "желдің орташа жылдамдығы секундына 8 - 10 метрге дейін жететін кемінде 10 аудан" бар, деп атап көрсетті. Жалпы, бүгінгі күнде "Қазақстанның жел қуатының әлеуеттілігі 3 млрд кВт/сағ. деп бағалануда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны