09.06.2026, 17:15 1016

Энергетикалық жүйені жаңғырту және таза энергетика: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге келді

Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Ким Чжон Кванмен кездесу өткізді.

Тараптар энергетика саласындағы қазіргі ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстың келешегін талқылады. Инвестициялық жобаларды іске асыруға және электр энергетикасындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер барысында министрлер энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа генерациялайтын қуаттарды салу, заманауи технологияларды енгізу және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ таза энергетика саласындағы ынтымақтастық, жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін технологиялар мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, технологиялық дамуды ілгерілетуге және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған энергетика саласындағы жобалар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны