22.02.2012, 14:11 9359

Энергия үнемдеу туралы заң энергия тиімділігін арттырудың жаңа жүйесін құрады

Қазақстанда қабылданған "Энергия үнемдеу және энергия үнемділігін арттыру туралы" Заң экономика мен шаруашылықтың түрлі секторындағы энергия тиімділігін арттыратын болады, деп хабарлады БҰҰ ДБ/ЖЭҚ жобасының менеджері Александрй Белый Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Энергия үнемдеу туралы заң энергия тиімділігін арттырудың жаңа жүйесін құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда қабылданған "Энергия үнемдеу және энергия үнемділігін арттыру туралы" Заң экономика мен шаруашылықтың түрлі секторындағы энергия тиімділігін арттыратын болады, деп хабарлады БҰҰ ДБ/ЖЭҚ жобасының менеджері Александрй Белый Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

А.Белыйдың айтуынша, Үкімет бекіткен Энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспар да энергия тиімділігін арттыруға сеп болады.

"Бұл екі құжат экономиканың түрлі секторындағы, оның ішінде БҰҰ ДБ/ЖЭҚ мен ҚР Үкіметінің назарындағы коммуналдық жылумен қамтамасыз ету секторындағы энергия тиімділігін арттыру ісіне айтулы үлес қосатын болады",- деп атап көрсетті А.Белый.

Жылуды есептеу құралының бар-жоқтығына қарай, тұтынылған жылу энергиясы үшін сараланған төлем енгізу мәселесі де Заң нормаларымен қарастырылып отыр.

"Соңғы бірнеше жыл бойы біз Алматы, Астана және Қарағанды қалаларындағы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда энергиямен және жылумен жабдықтау жөніндегі ілкі жобаларды жүзеге асырып келдік. Біз біраз нәтижеге қол жеткіздік, бірақ халық тарапынан анау айтқандай ынта байқалған жоқ. Заңға енгізілген жаңа норма азаматтардың осы мәселеге деген ықыласын арттырары сөзсіз. Мысалы, біздің есептеуіміз бойынша, ғимараттарға автоматтандырылған жылу пункттерін орнату төлемақы бойынша 30 пайызға дейін үнем береді екен", - деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны