14.02.2013, 10:09 3107

ЕО АҚШ-пен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерді маусымда бастайды

ЕО АҚШ-пен еркін сауда туралы трансатлантикалық келісушіліктерді орнату мақсатындағы келіссөздерді маусым айында бастайды.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - ЕО АҚШ-пен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерді маусымда бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ЕО АҚШ-пен еркін сауда туралы трансатлантикалық келісушіліктерді орнату мақсатындағы келіссөздерді маусым айында бастайды.

Бұл туралы Еурокомиссияның басшысы Жозе Мануэл Баррозу мәлім етті.

Еурокомиссияға бұл келіссөздерді жүргізуге мандат беру туралы шешім ЕО-ның 8 ақпанда өткен саммитінде қабылданды.

"Еркін сауданың Трансатлантикалық аймағын құру батыс экономикасына дағдарысты еңсеруге және тұрақты дамуды ынталандыруға ықпал етеді",- деді Баррозу. "Бұл өңір әлемдік сауданың жартысына дерлігін қамтиды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны