11.10.2017, 16:01 6888

Ерейментау жел электр станциясыныӊ қуатын 95 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарланып отыр

Жел электр станциясы Ерейментау қаласынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазір мұнда жиырма тоғыз тұрақты жұмыс орны ашылып, 12 жергілікті тұрғын жұмысқа қабылданды.

Көкшетау. 11 қазан. Kazakhstan Today - Ерейментау жел электр станциясыныӊ қуатын 95 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

"Самұрық-Энерго" АҚ қолдауымен "Бірінші жел электр станциясы" ЖШС қуаты 45 МВт құрайтын Ерейментау жел электр станциясын бұдан екі жыл бұрын пайдалануға берген. Станцияда өндірілетін электр қуатыныӊ жүз пайызы Қазақстанныӊ Ұлттық электр желісіне түссе, бір бөлігі "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ қажеттілігіне пайдаланылды.

Сондай-ақ, станция Ақмола облысында электр энергиясы тапшылығыныӊ төмендеуін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлесін қосуда. Бұл энергия көзін пайдалану жыл сайын 100 мыӊ тоннадан астам көмір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Серіктестік Елбасыныӊ бастамаларын басшылыққа ала отырып, индустрияландыру жобаларына белсенді қатысуда.

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы мен Таза технологиялар қоры серіктесіп, Ерейментау жел паркініӊ қуатын 95 МВт- қа дейін ұлғайтуды жоспарлаған. Келешекте бұл қуатты 300 МВт-қа дейін кеӊейту жобасы қарастырылуда. Жел электр станциясы Ерейментау қаласынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазір мұнда жиырма тоғыз тұрақты жұмыс орны ашылып, 12 жергілікті тұрғын жұмысқа қабылданды.

Астанадағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне келушілер Қазақстанныӊ Ұлттық павильонында Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы құрылысыныӊ жобасын да тамашалаған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны