19.10.2011, 11:43 4121

Еркін сауда аймағы ТМД елдеріне инвестиция тартуға ынталандырады

"ТМД-ның еркін сауда-саттық аумағы сауда-саттықты дамытуға және ТМД елдеріне инвестициялар тартуға көмектеседі", - деп мәлім етті К.Мәсімов.

Санкт-Петербург. 19-қазан. Kazakhstan Today - Еркін сауда аймағы ТМД елдеріне инвестиция тартуға ынталандырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Санкт-Петербургте ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің мәжіліс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ТМД-ның еркін сауда-саттық аумағы сауда-саттықты дамытуға және ТМД елдеріне инвестициялар тартуға көмектеседі", - деп мәлім етті К.Мәсімов.

Естеріңізге сала кетсек, 18-19 қазанда Қазақстан Премьер-министрі К.Мәсімов Ресей Федерациясында жұмыс сапарымен болады. Сапар барысында К.Мәсімов сейсенбі, 18 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің (ТМД ҮБК) мәжілісіне қатысты. Мәжіліс қорытындысы бойынша 28 құжатқа қол қойылды, оның ішінде ТМД шеңберінде Еркін сауда аумағын құру туралы шарт та бар. Аталған құжат "Санкт-Петербург шарты" деп аталады.

Бүгін, 19 қазанда, Қазақстан Премьері Еуразиялық экономикалық қауымдастық Мемлекетаралық кеңесі және Кеден одағы жоғары органының мәжілісіне қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны