05.02.2020, 18:56 16517

Еркін сауда аймағы Қазақстанға не береді?

Министр Бақыт Сұлтанов 2019 жылғы жұмыстың қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Еркін сауда аймағы Қазақстанға не береді?

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов еркін сауда аймақтарының әсері туралы әңгімеледі.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бірінші алқасы өтті.

Министр Бақыт Сұлтанов 2019 жылғы жұмыстың қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.

"Әлемдік сауданың өзгерген және әлемнің ірі экономикалары арасында протекционистік шаралардың күшейген жағдайында сыртқы сауда саясатын жетілдіру қажеттілігі артады. Ал еркін сауда аймақтары туралы келісімдерді өңірлік сауданың даму тетігі ретінде қарастыру керек," - Қазақстанның сауда министрі осылай мәлімдеді.

- Бұл - тарифтік және тарифтік емес (квоталар, техникалық кедергілер және басқа) кедергілерді өзара жою арқылы тауарлардың нарықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін сауданы ырықтандырудың ең тиімді құралының бірі, - деді Сауда министрі.

Министрмен келтірілген цифрлар растағандай, өсім байқалады. Сонымен, Еуразиялық экономикалық одағында Вьетнаммен Еркін сауда аймағы туралы келісім 2016 жылғы қазаннан бері қолданыста. Осы уақыт ішінде тауар айналымы 51% ($ 366,3 млн-нан $ 554,3 млн-ға дейін) өскен.

Иранмен уақытша келісім 2019 жылғы қазаннан бастап қолданыла бастады. Бұл ретте, Қазақстан үшін (ЕАЭО мүшесі ретінде) сиыр еті, өсімдік майы, кондитерлік бұйымдар мен макарондар сияқты тауарларға импорт баждары төмендетілген.

ЕАЭО-да Сербиямен және Сингапурмен Еркін сауда аймағы туралы келісімдерге жақын арада қол қойылды және осы елдерге экспорттық жеткізілімдерді ұлғайту әлеуеті $ 150 млн. және $ 416 млн. тиісінше құрады.

Қазіргі уақытта ЕАЭО арасында осындай аймақтар құру жөнінде Израильмен және Египетпен белсенді келіссөздер жүргізілуде. Экспортты ұлғайтудың күтілетін сомасы $ 790 млн-нан астам.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны